«Парктер шеруі-2022» «Сиверс алма ағашының гүлденуі» атты фестиваль » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Парктер шеруі-2022» «Сиверс алма ағашының гүлденуі» атты фестиваль
06
май
2022

«Парктер шеруі-2022» «Сиверс алма ағашының гүлденуі» атты фестиваль

2022 жылдың 04 мамыр күні Алматы облысының 90 жылдығы қарсаңында еліміздің табиғи байлықтарын сақтау мақсатында «Алтын Адам. Жетісу шеберлері» ҚБ–ң «Жетісу Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» этножәрмеңкесі және «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 12 жыл толуына орай Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Парктер шеруі-2022» «Сиверс алма ағашының гүлденуі»  атты ауқымды фестиваль өтті. XVIII ғасырдың аяғында Орталық Азияға саяхат кезінде бірінші болып алма ағашты сипаттаған неміс ғалымы Иоганн Сиверстің есімімен аталды. Оның зерттеулерін кеңес ботанигі Николай Вавилов және қазақстандық академик Аймак Жанғалиев растады. 
Аталмыш шараға Экология және тұрақты даму институтының директоры Қ.Кәрібаева,  Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, ақын С.Тойлыбаев,  әнші Д.Сұлтан, миллион оқырмандары бар травел-блогер Е.Кукеле «Травел шоу» түсірілім тобымен, «Көшпенділер өркениеті мұрасы»  Халықаралық қоғамдық қорының Президенті Б.Сейдомар, Қазақстандағы эко қозғалыстың көшбасшысы, «Ecofund Tabigat» қоғамдық қорының президенті Т.Елеусізов, Қазақстандағы эко қозғалыстың көшбасшысы, "Ecofund Tabigat" қоғамдық қорының президенті Т.Елеусізов, Қазақстан агротуризм қауымдастығының вице - президенті А.Танғатұлы құрметті қонақтар арасында болды. Талдықорған қаласы  «Оқушылар сарайы» МКҚК –ң «Жас Ұлан» ББЖҰ эко-еріктілері де фестивальге белсенді қатысып, алғыс хатпен марапатталды. 
Шара барысында бойынша «Mergender Ordasy» «Дәстүрлі садақтан ату» шеберлік – сыныбы, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музейінің «Алтын адам» көрмесі жиын қатысушыларының назарына ұсынылды. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ, асық ойыны, арқан тарту, гір көтеру 32 кг, қол күресі  т.б. спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен "Алтын Адам Жетiсу шеберлер орталығы" ҚБ арасында меморандум жасалып, болашақта өтетін бірлескен шаралар жоспарланды.  Фестиваль Ұлттық парктің Сиверс алма ағашы туралы арнайы әні  мен Флешмоб биімен аяқталып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.