Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға 100 жыл » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға 100 жыл
15
ноябрь
2022

Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға 100 жыл

Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға 100 жыл. 💫Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі - Мәнсия) - 1922 жылы 23-қазанда  Орал облысы Орда ауданында туып, 1943 жылы қазанның 16-ы күні майданда қаза тапты.

Қаһарман қазақ қызы - Кеңес Одағының Батыры (1944). Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей озін Мәншүк деп кеткен. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә.Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрген.

1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы Мәншүк туралы жыр (авторы - А. Михалков-Кончаловский, режиссері М.Бегалин) көркем фильм түсірілді.