Вакансия » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2023

Вакансия

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы"  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы негізінде  бос орындарға:
1. Педагог-ассистент 
2.  математика пәні мұғалімі (орыс және қазақ тілінде)
3. Бастауыш сынып мұғалімі орыс сыныптарында
4. Ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымдарына конкурс өткізіледі.
5. Дефектолог
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты

Похожие публикации:

08 февраль 2023 Конкурс нәтижесі
10 январь 2023 Вакансия
07 сентябрь 2022 Байқау аяқталды