Алматы облыстық білім саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы облыстық білім саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
22
январь
2020

Алматы облыстық білім саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Талдықорған қаласындағы №27 орта мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 16 қаңтар күні Алматы облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің өкілі Ажикенова Гульмира Саулебекқызы қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес бойынша жауаптылар ҚР заңнамаларын жүзеге асыру сұрақтары бойынша аудандандарға (қалаларға) бару арқылы жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: 2019 жылы облыс бойынша білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік бақылау қорытындысы негізінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; бақылау шаралары барысында анықталған ҚР білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын түсіндіру; құқықтық-нормативтік актілерімен таныстыру бойынша семинар-кеңес жұмысы жүргізілді.
Алматы облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің өкілі Ажикенова Гульмира Саулебекқызы өз сөзінде білім саласы мектептер мен мектепке дейінгі оқыту орындарындағы кейінгі кездері белең алып жатқан заңға қайшы әрекеттер мен Білім туралы заңдағы нормавтитік актілердің орындалулары жайлы слайд түрінде анықтама беріп өтті. Арнайы орта білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді тексеру барысында көбінесе атап айтар болсақ, 95% пайыз төмендегі қателіктер орын алып жатады. Педагогтардың атқарып жатқан мамандықтары бойынша дипломдары жоқ, не болмаса сертификаттары жоқ,санитарлық кітапшалар, педагогикалық жүктемелер, педагогикалық кеңес хаттамаларының уақыты және дұрыс толмаулары сияқты , спорт зал, кітапхана, білім ордаларындағы техникалық базамен қамтамасыздандыру сияқты нормативтік талаптарға сай болмай шығатындары өкінішті болып жатады. Сол себептен де,мемлекеттік аттестация алынып тасталған жоқ бірақ жылдарға шегеріліп жатқанның өзінде тексеріс болмаса да заң талаптарына қайшы шығатын жоғарыда аталып өткен талаптардың орындалуларын қадағалау мақсатында профилактикалық бақылау жүргізіліп отырылады Білім заңдарындағы пунктерге сүйене отырып білім беру саласындағы заңнамаларды бұзбауды заң аясында жұмыс атқару керектігін айтып өтті.
2.Қамқоршылық кеңес бойынша құрылған мүшелердің білім беру саласы және оқушылар, нормативтік құқықтық құжаттар, жұмыс мақсаттары және де атқара алатын жұмыстары мен тәртіптеріне тоқталып өтті. Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 жыл, кеңес хатшысы, жұмыс ұйымдастыру тәртібі, қайрымдылық көмектерден түсетін түсімдерге мысалдар мен жұмыстарына қысқаша тоқталып зал ішінде қойылған сұрақтарға жауап берілді.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері оның ішінде лицензия, білім туралы құжаттарға апостиль қою, білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру стандарты және регмалменті туралы тексеріс барысында болып жатқан қателіктеріне тоқталып өтті. Жоғарыдағы қойылатын талаптар бойынша заң бұзушылықты алдын алу үшін РАЙОО, Білім басқармалары, қалалық білім бөлімінің әдістемелік көмек көрсететін арнайы мамандарына жүгініп жұмыс атқаруға болатындығын атап кетті. Сөз соңында мектеп басшылары мен қорғаушылық кеңес мүшелерінің өз міндеттеріне заң талаптарынан аспай нормаларды орындап заң аясында жұмыс атқарып мұғалімдер мәртебесін түсірмей жоғарлатуға ат салысу керектігін айтты.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив