Сайлауға бар да көже іш » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сайлауға бар да көже іш
19
март
2023

Сайлауға бар да көже іш

Сайлауға бар да көже іш
Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты.
Көпшілік бір-бірін мерекелерімен құттықтап, жуық арада «Көрісу күні» өткенін, алда әз-Наурыз мейрамы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан халқы барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп, жұдырықтай жұмылса, еліміздің өркендей түсеріне сенім білдірді.

Сайлау учаскелерінде аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, барша халыққа ерекше көңіл күй сыйлап жатыр. Күмбірлеген күй, әсем ән, әдемі жыр, бәрі-бәрі халыққа арналды. Көпшілік өз таңдауларын жасағаннан кейін, үйлеріне асықпастан әншілердің өнерлерін тамашалады. Олар сайлауда өз дауыста…
[18:41, 19.03.2023] 27 информатик Маржан: Бүгін Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде жастар патриоттық рухты көтеріп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс беру кезінде қаланың ортасымен әрқайсысы туды көтеріп, көше бойымен жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олар қазақстандықтарды өз таңдауларын жасауға шақырды. 

«Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк Туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлестерімізді таңдауларын жасауға шақырамыз» – деді шеруді ұйымдастырушы Ынтымақ Әленбек.#ЕлҮшінТаңдау, #ӨзКандидатыңдыТаңда, #Сайлауғабарамын, #ЖетісуСайлау