«Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2023» » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2023»
26
апрель
2023

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2023»

«Талдықорған қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі №27 орта мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдері арасында 26.04.2023 күні «Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2023» мектепішілік байқауы өткізілді. 
Байқаудың мақсаты:  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мақсатында педагогтың беделін арттыруға ықпал ететін табысты тәжірибені тарату. 
Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең. Бастауыш сынып мұғалімінің қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды сабақта енгізу жұмыстарын қорғау.
2-кезең. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушының функционалдық сауаттылығын дамытудағы жұмыс үлгілері. 
Байқауға  бастауыш сынып мұғалімдері қатыстырылды. Мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушылары арасындағы қарым- қатынасты байланыстыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында әділқазылар құрамына ЖМУ бастауыш сынып оқыту кафедрасының оқытушы дәріскері П.Ғ магистрі Алпысбаева Нүргул  Сарқытбековна қатыстырылды.  Мұғалімдер өз жұмыстарын жоғары деңгейде дайындап, өзара тәжірибелерімен алмасып ортаға салды. Байқау жоғары деңгейде өтіп, бастауыш сынып мұғалімдері марапатталды.  Нәтижесінде әділқазылар алқасы бас жүлдені Ж.И. Жаксылыковаға,  1-орынды  Ә.О Болатханова,
 2-орынды  А.Ахметова және Э.Жалдыбаеваға, 3-орынды, А.Аблаева және А.Шаянбаевға ұсынды. Жарыстың қорытындылау кезеңінде Алпысбаева Нүргул  Сарқытбековна  өз ұсыныстары мен ескертулерін айтты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив