«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп ұйымы  » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп ұйымы 
05
май
2023

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп ұйымы 

Жетысу облысы Талдыкорган қаласы “№27 орта мектеп-гимназиясы” КММ 

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп ұйымы 

 

«Жемқорлық қоғам дерті, онымен күресті қайдан, қалай бастағанымыз дұрыс?!»  тақырыбында ашық алаң кездесу өткізілді.  

«Адал Ұрпақ» ұйымының жетекшісі: Қабылбаев Даурен Кусенбайұлы мен ұйым мүшелері Азаматқызы Нұрай, Айтмухамедова Еркежан, Түкен Аружан, Турар Амина, Мейірхан Әмина, Нартайқызы Анель қатысты. 

Мақсат: Жастардың отанға деген патриоттық, адалдық сезімін бойына сіңіру. Сыбайлас жемқорлықпен күресті қайдан, қалай бастағанымыз дұрыс, осы жайлы жастардың ойын пікір алмасу арқылы ашық алаңда білдіруге мүмкіндік жасау.

Жемқорлықтың пайда болуы қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға шығуының салдары. Сондықтан, біз қоғамымызда жемқорлыққа қарсы күресті –оқушылардың жүрегіне рухани ізгіліктерді, құндылықтарды сіңіруден бастауымыз қажет. Рухани тұрғыдан бай адам, жемқорлықтай лас істерден жанын таза ұстайды.