Соңғы қоңырау өтілгендігі туралы анықтама » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Соңғы қоңырау өтілгендігі туралы анықтама
01
июнь
2023

Соңғы қоңырау өтілгендігі туралы анықтама

Соңғы қоңырау өтілгендігі туралы анықтама 
Биылғы салтанатты соңғы қоңырау мерекесі  1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде Жас  түлектерге арналған Соңғы қоңырау соғылды .  Тұспа тұс  келген соңғы қоңырау мерекесі ата-аналар үшін қуанышты күн болса оқушылар үшін қимас балалық шақпен қоштасу күні, сағыныш сезімін ұялатып, өткенге қайта оралтатын ертеңгі күнге сенімді серік етіп, үкілеген  үмітті арқау ететін күн. Жылылықтың мекеніне айналған мектеппен қош айтысар түлектер үшін соңғы қоңырау рәсімінің маңызы айрықша 
  Соңғы қоңырау «Жаңа Қазақстан-болашаққа бастар жол» тақырыбында  өтті..Салтанатты жиынды мектеп директоры Сыдыбаева Гулжан Сейтжапаровна ашып, ұядан алған білімін қияда серік етіп, биік мақсаттарды бағындыруға бет алған түлектерімізге ақ тілек білдірді. Қуанышымызды бөлісу үшін қалалық білім бөлімінің әдіскері Әсемхан Харіпханқызы келіп жас түлектерге ,Сәт сапар тіледі.
    Соңғы қоңырау соңында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарлама жалғасын тапты.  Бұл мереке оқушылар үшін ерекше мереке. Оқушыларға тегін балмұздар таратып, жақсы көңіл күй сыладық






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив