Тәрбие көзі – отбасы » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2020

Тәрбие көзі – отбасы

Тақырыбы: «Тәрбие көзі – отбасы”
Мақсаты: мектеп пен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасын нығайту, оқушының рухани байлығын кеңейту және ата-анаға деген құрмет сезімін нығайту.
Түрі: сайыс
Барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар және отбасы байқауына қатысушы отбасы мүшелері!
Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады:
І бөлім. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
ІІ бөлім. «Сөз атасы – мақал» мақал-мәтелдер сайысы
ІІІ бөлім. «Ата салтынң – халықтық қалпың» сайысы
ІV бөлім. «Жылы, жылы сөйлесең...» сайысы
V бөлім. «Кұштілер, ептілер, батылдар» сайысы
VІ бөлім. «Тапқырлық» сайысы
Жүргізуші:
Деген екен қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы,
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қонақтар! – деп
«Тәрбие – көзі отбасы» сайысын бастаймыз.
Жүргізуші:
Жанұяның береке – бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқан да соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Бүгін міне осы отбасы арасындағы татулықты, дәстүрді, өнерді жалғастырып келе жатқан отбасылар бар. Олай болса, осы сайысымызға қатысатын отбасыларын ортаға шақырайық.
(Отбасы мұшелері ортаға келеді)
Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші:
Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Бойындағы дарындарын байқатуға,
Келіпті отбасылар танысуға!
(Сайыс шартына сәйкес әр отбасы өзідерін таныстырады.)
Таныстыру. Бұл бөлім 5 критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері қаралады.
Жүргізуші:
Қазақтың түрлі –түсті дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар,
Жауаптарын таба ма екен отбасымыз,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар!
І бөлім. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» сайысын бастаймыз.
Сайыс 3 тапсырмадан тұрады.
1-тапсырма ата-аналарға арналады.
1-сұрақ. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салттың түрлерін атаңыздар.
1. Кіндік кесу;
2. Шілдехана тойы
3. Балаға ат қою
4. Бесікке салу
5. Қырқынан шығару
6. Тұсау кесу
7. Сүндет той
8. Тілашар
9. Үйлену тойы
2-сұрақ. Мұсылмандықтың бес парызы
(Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық)
3-сұрақ. Үш арсыз.
(ұйқы, тамақ, күлкі)
4-сұрақ. Жеті қазына
жүйрік ат;
қыран бүркіт;
құмай тазы;
берен мылтық;
қанды ауыз қақпан;
майланғыш ау;
өткір кездік.
Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаҝарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан.
5-сұрақ. Үш қуат
1. Ақыл қуат.
2. Жүрек қуат.
3. Тіл қуат.
6-сұрақ. Үш даусыз
1.Мінез.
2. Кәрілік.
3. Ажал.
7-сұрақ. Жеті жоқ
1. Жерде өлшеуіш жоқ.
2.Аспанда тіреуіш жоқ.
3.Таста тамыр жоқ.
4.Тасбақада талақ жоқ.
5. Аллада бауыр жоқ.
6.Аққуда сүт жоқ.
7.Жылқыда өт жоқ.
8-сұрақ. Жеті ата.
1. Әке
2. Бала
3. Немере
4. Шөбере
5. Шөпшек
6. Немене
7. Туажат
9-сұрақ. Төрт түлік
1. Түйе
2. Жылқы
3. Сиыр
4. Қой мен ешкі
10-сұрақ. Жігіттің үш жұрты
1. Ағайын жұрт
2. Нағашы жұрт
3. Қайын жұрт
2-тапсырма. Балаларға арналған сұрақтар.
1. Әкенің әкесі қалай аталады?
(Ата)
2. Анаңның туыстары қалай аталады?
(Нағашы)
3. Ағаларыңның жұбайлары саған кім болып келеді?
(Жеңге)
4. Анаңның сіңлісінің балалары саған кім болады?
(Бөле)
5. Әпкелеріңнің күйеулері саған кім болады?
(Жезде)
6. Қыздың баласы ата-анасына кім болады?
(Жиен)
7. Қара шаңырақ иесі кім?
( кенже ұл)
8. Әкеден балаңа берілетін зат
( мұра)
9. Үйдегі алтын адам кім?
( ана)
10. .Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтады?
(көктем).
3-тапсырма.
Үрленген шарлардың ішінде логикалық сұрақтар бар. Өз қалаған шарын алып, шарды жарып, ішіндегі сұраққа жауап береді.
1-сұрақ.
Өзен жағасында келе жатқан қыз бен жігітке бейтаныс жолаушы жолығып: «Екі жастың жарасуын-ай дейді. Бұл сөзді естіген жігіт:
- Бұл қыздың әкесі менің шешемнің сіңлісінің жездесі. Сонда бұл қыз маған кім болады? – деп жауап қайырады.
(туған қарындасы)
2-сұрақ.
Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?
(алты бала)
3-сұрақ.
Үстел басында екі әкесі, екі баласы отыр. Үстел үстіндегі табақтағы алманы қалай теңдей етіп бөліп жейді?
(Атасы, әкесі, баласы)
4-сұрақ.
Шығыстан батысқа қарай электр пойызы 60км/сағат жылдамдықпен жүріп келеді. Оған қарсы бағытта сағатына 50км/сағат жылдамдықпен жел соғып тұр. Пойыздың түтіні қай бағытқа бұрылады?
(Электр пойызы түтінсіз, тоқпен жүреді)
5-сұрақ.
Бөлме ішінде 2 ана, 2 қыз бар. Сонда бөлмеде қанша адам болғаны?
(барлығы 3 адам: әжесі, анасы, немересі)
6-сұрақ
Қараңғы түнде төрт салт атты далада келе жатты. Өздері бара жатқан ауылға жақындап қалады. Ауылдан оларды қарсы алуға адамдар дайын тұрған екен. Бір уақытта аспанда бір жұлдыз сөніп-өшті. Сонда сол жұлдызды бірінші болып төрт салт атты көре ме, әлде оларды қарсы алушылар көре ме?
(өшіп-сөніп, ешкім көрмейді)
7-сұрақ
Ағайынды екі баланың үлкенінің жасы 1987 жылы дүниеге келген інісінің туған жылының сандарының қосындысына , ал інісінің жасы ағасының туған жылының қосындысына тең болады. Екеуінің ара жасының айырмашылығы 7 жас. Олай болса, олардың жасы мен туған жылы қай жылдар болмақ?
1+9+8+7=25
1987-7=1980
1+9+8+0=18
Жүргізуші:
ІІ бөлім. «Сөз атасы – мақал» мақал-мәтелдер сайысы. Туған жер, еңбек, ата-ана, тәлім тәрбие туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.
Жүргізуші:
ІІІ бөлім. «Ата салтынң – халықтық қалпың» сайысы. Тыйым сөздердің тәрбиелік мәні айналасындағы әр нәрсені қадірлей білуге, ұқыптылыққа, көргенсіздіктен аулақ болуға шақырады. Қандай тыйым сөздерді білетіндерін байқайық.
Мысалы:
От басын абма.
Дастарқанды, нанды баспа.
Босағаны керме
Тізеңді құшақтама.
Үлкендердің сөзін бөлме.
Бос бесікті тербетпе.
Үйге қарай жүгірме.
Бейуақытта ұйықтама.
Жүргізуші:
ІV бөлім. «Жылы, жылы сөйлесең...» сайысы. Ата-аналар өз балалрын еркелеткенде, мақтағанда қандай жылы сөздер айтатынын тыңдап көрейік.
(кім баласына көп жылы сөздер айтса, жеңіс соныкі)
Жүргізуші:
V бөлім. «Кұштілер, ептілер, батылдар» сайысы
1. Бір қолымен бесік тербесе, екінші қолымен әлемді тербеген аналарымызды ортаға шақырамыз. Аналар қол күрестіреді.
2. Аналарымыз жұмыста, балаларға тамақ әзірлеу керек. Сол себепті әкелер ортаға шығады, картоп тазалайды.
Жүргізуші:
VІ бөлім. «Тапқырлық» сайысы.
Ағаш тостағанға құйылған сүт, тастар, отын, сіріңке қойылады. Ағаш тостағандағы сүтті қалай пісіруге болады және бұл тағам қалай аталады?
Қорықтық[1] – шопандар тағамы. Шілденің аптабында мал жайып, далада жүрген шопан түскі асқа осы Қорықтықты қорек еткен. Ол үшін күн төбеге көтеріліп, әбден шыжыған шақта 3 – 4 саулықты (немесе ешкіні) көнекке сауып алады. Содан соң іріктелген ыстық малта тастарды жуып, көнектегі сүтке салады. Қатты қызған тастар сүтті лезде қайнатады. Тастарды алып тастап, уыздай тәтті, қоймалжың сүтті қанжылым күйінде ішеді. Қоректік сапасы жоғары Қорықтық кешке дейін қарын ашырмайды.
Жүргізуші:
Сөз кезегі әділқазылар алқасында...
1. «Үздік отбасы» номинациясы – «Кемеңгер» отбасы
2. «Мерейлі отбасы» номинациясы - «Бақытты» отбасы
3. «Ең білімді отбасы» номинациясы - “Алтын ұя» отбасы
4. «Ең тапқыр отбасы» номинациясы – «Шаңырақ» отбасы

Рефлексия (ата-аналарға арналған)
1.Сіздердің бүгінгі сайыстан алған әсерлеріңіз қандай?
2.Бала тәрбиесіне бүгінгі сайыстың әсері бар ма?
3.Қандай сайыстың кезеңі сіздің отбасына қызықты болды?
4.Осындай шаралардың жиі өтуіне қалай қарайсыз?




















1-сұрақ.
Өзен жағасында келе жатқан қыз бен жігітке бейтаныс жолаушы жолығып: «Екі жастың жарасуын-ай дейді. Бұл сөзді естіген жігіт:
- Бұл қыздың әкесі менің шешемнің сіңлісінің жездесі. Сонда бұл қыз маған кім болады? – деп жауап қайырады.



2-сұрақ.
Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?




3-сұрақ.
Үстел басында екі әкесі, екі баласы отыр. Үстел үстіндегі табақтағы алманы қалай теңдей етіп бөліп жейді?



4-сұрақ.
Шығыстан батысқа қарай электр пойызы 60км/сағат жылдамдықпен жүріп келеді. Оған қарсы бағытта сағатына 50км/сағат жылдамдықпен жел соғып тұр. Пойыздың түтіні қай бағытқа бұрылады?


5-сұрақ.
Бөлме ішінде 2 ана, 2 қыз бар. Сонда бөлмеде қанша адам болғаны?



6-сұрақ
Қараңғы түнде төрт салт атты далада келе жатты. Өздері бара жатқан ауылға жақындап қалады. Ауылдан оларды қарсы алуға адамдар дайын тұрған екен. Бір уақытта аспанда бір жұлдыз сөніп-өшті. Сонда сол жұлдызды бірінші болып төрт салт атты көре ме, әлде оларды қарсы алушылар көре ме?



7-сұрақ
Ағайынды екі баланың үлкенінің жасы 1987 жылы дүниеге келген інісінің туған жылының сандарының қосындысына , ал інісінің жасы ағасының туған жылының қосындысына тең болады. Екеуінің ара жасының айырмашылығы 7 жас. Олай болса, олардың жасы мен туған жылы қай жылдар болмақ?

Рефлексия (ата-аналарға арналған)
1.Сіздердің бүгінгі сайыстан алған әсерлеріңіз қандай?
2.Бала тәрбиесіне бүгінгі сайыстың әсері бар ма?
3.Қандай сайыстың кезеңі сіздің отбасына қызықты болды?
4.Осындай шаралардың жиі өтуіне қалай қарайсыз?





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив