Бастауыш сынып ұстаздарының семинары » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып ұстаздарының семинары
15
сентябрь
2022

Бастауыш сынып ұстаздарының семинары


Талдықорған қаласы №27 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып бірлестігінде зерттеуші мұғалімдер Кегенбекова С.С  және Тойбекова Ф.Қ әріптестерімен өз іс-тәжірибелерімен бөлісіті. Әр мұғалім өз әдіс-тәсіл қоймасын толықтырды.  Семинардың мақсаты: Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушылардың оқу, жазу, есептеу, еркін жеткізу дағдыларын дамыта отырып функционалды сауатты тұлға қалыптастыру.  Семинарда   Кегенбекова С.С мен Тойбекова Ф.Қ шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабақта мұғалімдер тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына , деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластырып отыру керектігін баса назарда ұстау керектігін айтты.  Кегенбекова С.С  өз әріптестеріне «түртіп алу» стратегиясын, «мәтін алгоритмі» әдісі, «таза тақта» әдісін іс –тәжірибе арқылы көрсетті. Тойбекова Ф.Қ  жас мамандарға әдіс- тәсілдер туралы түсінік берді. Әр әдіс- тәсілге жекелей тоқтап, практика жүзінде өздеріне жасатты. «Бес саусақ» әдісі, «Шыбын»әдісі, «Желпуіш» әдісі, «Әдебиет лотосы » әдістері өте тиімді болды. Семинар барысында тиімді әдіс- тәсілдерді үйренген әріптестері осындай семинарларды көбірек ұйымдастыру керектігін айтты.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив