Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізілді » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізілді
21
январь
2020

Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізілді

Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттер бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек». Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып, мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады. Бұл істердің барлығын жүзеге асыратын еліміздің ұстаздар қауымы. Ендеше, бүгінгі ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ. Олар жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілеті бар, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын кәсіби маман иесі болуы керек. Бұл өмір талабы.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТны қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білу.
Талдықорған қаласының №27 орта мектеп-гимназия ұжымы да, оқушылардың білім-білік дағдыларының сапасын жақсарту жолында заман талабына сай күнделікті сабақтарында жаңартылған бағдарлама негізінде әдіс-тәсілдерді қолдануда. Жоғары санатты биология пәні мұғалімі Б.Н.Керембаева оқушылар бойынша зерттеушілік дағдалыран қалыптасыру мақсатында 10 сынып оқушыларымен «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізді.
Зертханалық жұмыстың мақсаты: «Түрлі жағдайларда нәруыздардың құрылымына әсерін зерттеу».
Жұмыс барысында оқушылар 1 мл жұмыртқа альбуминіне 1,5-2 мл 96% этил спиртін қоыс, сынауқта нәруыздың ақ тұнбасын көрді. Бұл зертзаналық жұмыс барысында оқушлыар денатурация , ренатурация құбылысымен танысты. Сонымен қатар, оқушылар нәруыздың 50-60 С-та Денатурацияға ұшырайтын және физика-химиялық қасиеттерін де білді.
Биология пәні мұғалімі Бақытжан Неспаевна әр зертханалық жұмыс барысында алға қойған мақсатқа жету үші,н әр оқушының жұмысын зерделеп, білімдерін жетілдіру жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың бірі.
Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізілді
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Guni
16 сентября 2021 23:12
{text}Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізілді