"Екі жұлдыз" - жас мамандар мен тәлімгерлер есебі » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Екі жұлдыз" - жас мамандар мен тәлімгерлер есебі
17
январь
2020

"Екі жұлдыз" - жас мамандар мен тәлімгерлер есебі

Мектеп тәлімгерінің мақсаты жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесі болып табылады. Жас маманның кәсіби тұрғыдан қалыптастыру процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Сол сияқты қаңтардың 17-сі күні тәдңмгерлер мен жас мамандар арасында "Екі жұлдыз" атты байқауы өтті. І-ші турда өздерін таңыстырды, ІІ-ші турда жұмыс жүйелерін қорғады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектептегі “Жас мамандар” орталығының жетекшісі Калимолданова Ж.К өткен 2019 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы айта келіп, 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.Жас ұстаздың кәсіптік қызмет картасы төмендегіше болатынын түсіндірді.
· Біліктілігін көтеруі (курстар, семинарлар,т.б.)
· Кәсіптік табыстары рейтингісінің жылдар бойынша өсуі.
· Әдістемелік жұмыстары
· Кәсіптік жаңашылдық қызметі
· Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы, жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, мақалалар жаза алуы, төзімділігі, адами-рухани, психологиялық сапалары, қарым-қатынас шеберлігі
· Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары
· Қоғамдық педагогикалық қызметі
Осындай кесте әрбір жас маманның нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші бола алады..Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру мақсатында жыл бойы ашық сабақтар,пихологиялық тренингтер,іскерлік ойындар,семинарлар жүргізілетіні айтылды. Мектеп директорының бұйрығымен жас мамандарға бекітілген тәлімгер мұғалімдермен атқарылған шараларды "Екі жұлдыз" байқауында таныстырылды.одан әрі жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелермен таныстыру жүргізілді. Жас мамандарға еңбек тәртібі , өзін-өзі ұстау мәдениеті және қоғамдық жұмысқа белсене араласу, педагогикалық ортамен тығыз байланыс орнату мәселелері ескертілді.Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер өздеріне бөлінген жас мамандармен жүргізетін жұмыс жоспарларын таныстырып өтті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив