Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары
17
январь
2023

Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары

2023 жылғы 17 қаңтар күні №27 ОМГ «Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 7-11 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Аязбаева ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, Құқықтық жауапкершілік туралы, қыз тәрбиесі жайылы, жалпы түсіндірме жұмыстарын айта кетті .Мектеп педагог- психологы Ж.Жексенбинова интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді.Сонымен қатар Кибербуллинг және буллингтің алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс соңында "Инабат" қыздар клубының жетекшісі А.Максутова  кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.