«Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпағына аманат» » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпағына аманат»
16
декабрь
2022

«Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпағына аманат»

№ 27 ОМГ  бастауыш сынып оқушыларымен сынып жетекшілері  еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушыларды  елін, жерін сүюге , Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпағына аманат» тақырыбында желтоқсан оқиғаларын еске алу  сағаттары өткізілді. 
  Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай . Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас. Өйткені  ол күллі  әлімді дүр сілкіндірген күндер еді.  Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова , Сәбира Мұхаммеджанова , Ербол Сыпатаевтарды еске алып, оларға тағзым ету парызымыз.