«Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты интеллектуалды танымдық сайыс » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты интеллектуалды танымдық сайыс
15
декабрь
2022

«Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты интеллектуалды танымдық сайыс

Кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына  8б, 8г сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты интеллектуалды танымдық сайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылардың  білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Кітапханашы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары, олардың жасаған ерліктері туралы айтып, бейнетаспа көрсетілді. 
Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 
 «Қанат қақты» (топ басшылар сайысы); 
«Самғау» (даталар сөйлейді);
 «Шарықтау» (ұяшық таңдау); 
«Жерұйық» (мына сөзді кім айтқан); 
«Шырқау» (Ән айту немесе өлең оқу).
Сайысқа қатысушылар екі топқа бөлінді: «Білімділер» 8г сынып оқушылары  және «Талаптылар»  8б сынып оқушылары.  Оқушылар өздерінің интеллектуалдық білімін ортаға салып, еліміздің тарихын жақсы білетіндіктерін көрсетті. «Талаптылар» тобы топты жарып бірінші орынға иеленіп, мадақтама қағазымен марапатталды. 
Кітапхана меңгерушісі:  Жумагельдинова М.Ж.