«Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
01
декабрь
2022

«Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Бала жылы аясында қазан айының 10-нан бастап № 27 орта мектеп гимназия кітапханасында «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында «Кітапханаға кітап сыйла»  акциясы ұйымдастырылды.
 Акцияның мақсаты - кітапхана қорын толықтыру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.
 Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау үшін ұйымдастырылған акцияға бүгінгі күнге дейін жүзге жуық  кітап сыйға тартылды. 
Акцияға  мектеп мұғалімдерінен бастап, оқушылар кітапханаға әдеби көркем кітаптар сыйға тарту етті. Солардың ішінде атап өтер болсақ 1в, 1з сынып жетекшісі Калимолданова Ж.Қ. оқушыларымен белсенділік танытты.
«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген еді Ғабит Мүсірепов. Ал, Абай атамыз «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге» деген. Оқырмандар үшін біздің мектебіміздің кітапханасының есігі әрдайым ашық. 
«Кітапханаға кітап сыйла»  акциясы жалғасуда!
Кітапхана меңгерушісі:  М.Ж. Жумагельдинова
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив