Кітапханаға алғашқы қадам » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кітапханаға алғашқы қадам
16
январь
2023

Кітапханаға алғашқы қадам

Кітапханада 1б сынып оқушыларымен «Кітапханаға алғашқы қадам» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Кітапхана бөлімдерімен таныстыру, кітапқа, оқуға деген қызығушылықты ояту, кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білу, кітапты құрметтеуге баулу.
Оқушылар кітапханада кітапхана бөлімдерімен, кітап қорымен, балаларға арналған кітап көрмелерімен, әдеби көркем шығармаларымен және балаларға арналған журналдармен танысты. 
     Оларға  кітапхана ережелері, яғни кітапханада дауыстап сөйлеуге, тамақ жеуге, ұялы телефонмен сөйлесуге, рұқсатсыз кітапты алуға, оны жыртуға, шимайлауға болмайтыны және оқулықты, көркем әдебиеттерді ұқыпты, таза ұстау керектігі жайлы  айтылды.Кітапхана меңгерушісі:  М.Ж.Жумагельдинова