«Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды»
09
ноябрь
2022

«Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды»

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау туралы өтінішін қарап, Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын 732 (1992) қарарын бірауыздан қабылдады. Кеңес төрағасы сол уақыттарда Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің атынан жасаған мәлімдемесінде бұл шешімді «шынайы тарихи оқиға» дей отырып, «Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысының барлық салаларына маңызды үлес қоса алатынына күмәніміз жоқ», деп мәлімдеген.

Тарихи оқиғаның 30 жылдығы жайлы Қазақстанның СІМ әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жазба жариялады.