Азаматтық қорғаныс күні » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2020

Азаматтық қорғаныс күні

1997 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен "Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына кіру туралы" Заңы қабылданып, күшіне енді. Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымының тоғызыншы Бас Ассамблеясының шешімі бойынша жыл сайын әлемнің елдерінде 1-наурыз Халықаралық Азаматтық қорғау күні атап өтілуіне байланысты 2020 жылы наурыз айының 2 күнгі №55 бұйрығы негізінде "Азаматтық қорғаныс күнін өткізу туралы" мектепішілік бұйрық шығарылып, АӘД пән мұғалімі Б.Қасымжанов және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, АҚ штаб бастығы Э.Орынбаеваға жүктелді. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мектеп директоры өзіне қалдырды.

Бұйрық бойынша 2 - 31 наурыз аралығына іс-шаралар жоспары жасалып, жауапты тұлғаларға ескертілді. Жоспар бойынша 2 наурыз күні төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, т.б) орын алған жағдайда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіз аймаққа көшіру, құтқарушылар тобы мен жұмысы туралы үгіт насихат жұмыстары мен алдын - ала дайындық жаттығулары, жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары көрсетілді. Барлық сыныптарда жоспар негізінде «Оқушыларға арналған қауіпсіздік ережелері», Азаматтардың жер сілкінісі кезіндегі әрекеттері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілуде.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив