Поэзия тұлпары » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2023

Поэзия тұлпары

Қазақ поэзиясының символына айналған Мұқағали Мақатаевтың  туған күні қарсаңында кітапханада «Поэзия тұлпары» атты 2-4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу  байқауы өтті.
Байқау мақсаты: М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Байқау көрнекілігі: М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер. Сазды музыка.
    Байқау барысында жүргізуші ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды. Ақынның  өз дауысымен айтылған өлеңдері тыңдатылды.     Әділқазылар алқасы тарих пән мұғалімі Қабылбеков Д., кітапханашы Жакыбаева Ж. тағайындалды. Оқушылардан  өлеңді жатқа және мәнерлеп оқуы, жүріс-тұрысы, мәдениеті, дауыс мәнері мен ырғағы, шеберліктері талап етілді.Әділқазылар шешімі бойынша орындар тағайындалып, үздік оқыған оқушылар мадақтама қағазымен марапатталды.  Олар: 1 орын - 4е сынып оқушысы Жанатбек Даулен, 2 орын – 3е сынып оқушысы Бекет Зере және 2а сынып оқушысы Санатқызы Раяна, 3 орын –  2ә сынып оқушысы Жанатбек Аружан және 2 б сынып оқушысы Иманәлі Ұлжан.
Кітапхана меңгерушісі:  М.Ж.Жумагельдинова
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив