Мұқағали оқулары » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2023

Мұқағали оқулары

Кітапханада 8-9 сынып оқушылары арасында «Мұқағали оқулары» байқауы өтті.
Байқау мақсаты: М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Байқау көрнекілігі: М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер. Сазды музыка.
    Байқауды 9ә сынып оқушысы Джалилова Л. жүргізді. Жүргізуші ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Ақынның  өз дауысымен айтылған өлеңдері тыңдатылды.     Әділқазылар алқасы боп қазақ тілі пән мұғалімі Нұрдыбек М. тағайындалды. Оқушылардан  өлеңді жатқа және мәнерлеп оқуы, жүріс-тұрысы, мәдениеті, дауыс мәнері мен ырғағы, шеберліктері талап етілді.Оқушылар өздерінің дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
    Үздік оқыған оқушылар мадақтама қағазымен марапатталып, орындар тағайындалды.    Олар: 1 орын - 11а сынып оқушысы Бостан Гүлім
2 орын - 8 г сынып оқушысы Қали Ақпейіл
3 орын – 8 б сынып оқушысы Сакен Нұрсұлтан
 Белсенді қатысқандары үшін 8ә сынып оқушысы Нұрлан Елия және 8 б сынып оқушысы Нұркелдіқызы Аруна марапатталды. 
Соңында кітапханашы Жакыбаева Ж. ақынға арналған көрмемен таныстырып, бірнеше оқушылар М.Мақатаевтын кітаптарын жаздырып алды.
Кітапхана меңгерушісі:  М.Ж.Жумагельдинова
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив