«Жас журналистер» » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2023

«Жас журналистер»

«Талдықорған қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«№27 орта мектеп-гимназия» комуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні мектебіміздің «Жас журналистер» клубының мүшесі Бостан Гүлім «Қасымов атындағы қалалық пән олимпиадасынан» жалпы командалық есеппен информатика және математика пәндерінен 247 баллмен жүлделі «3» орынға ие болған ,Информатикадан жүлделі «2» орынға ие болған 8 «ә» сынып оқушысы Темірбек Ақнұр мен жетекшісі Мұрат Аққағаздан және мектебіміздің бетке ұстар оқушыларының бірі Мейірхан Әминадан осы жылдың 17 сәір күні «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты облыс әкімінің кубогіне арналған турнирге қатысып «1» орын мен 300 мың теңгелік сертификат ұтып алғандығын құттықтай отырып сұхбат алды.
Сұхбат барысында ең басты сұралған сұрақтардың бірі де бірегейі болған сұрақ «Шәкірттер мен жас талапкерлердің қатысып жүрген жарыстарының маңыздылығы неде?», «жарысқа қатысу арқылы оқушылар қандай  тәжірибелерге ие бола алады?» онымен қоса «қандайда бір сайысқа қатысқанда ескерілетін маңызды дүниелер қандай?» деген тақырыптарда сұрақтар өрбіді.
Алынған жауаптар көпшілікке түгелдей түсінікті де маңызды, әрдайым ескеріле жүретіндей мардымды болды. Солардың ішіндегі ең маңыздысын әрі қорытынды сөзі ретінде айта кетсем «Талапкерлер үшін қандайда бір сайысқа қатысу ол жаңа бір білім нәрімен сусындағанмен тең десекте болады,себебі жарысқа қатысу ең алдымен оқушының бойынан үлкен бір жаупкершілікті талап етсе енді бір жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Егер талапкер өзімен өзінің жұмысына ,адал еңбегіне сенімді болса қандай сайыс болсада алдыңғы қатарда жүретіні анық. Ең бастысы жеңу емес өзіңді жаңа қырыңнан шыңдап өзіңді өзің жетілдіру мен білім жолындағы қиындықтарды еңсере білу.»
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив