Мен таңдаған мамандық » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2020

Мен таңдаған мамандық

«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» деп К. Д. Ушинский айтпақшы мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Осы орайда мектебіміздің психологы Шәбден Мерекенің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен таңдаған мамандық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтілді. Мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, оқушыларды мамандыққа бейімдеу мен қабілеттілігін арттыру, олардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дөңгелек үстел барысында «мамандық дегеніміз не?», «кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық, еңбек көзі», «мамандық таңдау факторлары», «мамандық таңдауда нені басшылыққа алу керек?», «адам өзін белгілі мамандыққа қашан дайындауы керек?» сұрақтары бойынша оқушылар өз ойларын айтып талқылады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив