«Болашақ» дебат клубы » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашақ» дебат клубы
31
январь
2022

«Болашақ» дебат клубы

«Болашақ» дебат клубы туралы ақпарат 

2021ж 28 тамызында 155 бұйрық негізінде №27 орта мектеп гимназиясында «Болашақ» дебат клубы құрылды. Талдықорған қаласы №27 орта мектеп гимназиясы 2021ж  7-ші қазаннан «Болашақ»дебат клубы өзінің жұмысын 17 оқушымен бастап, осы күнге дейін әлемде болып жатқан өзекті тақырыптарды талқылауда. Қоғамдағы белең алып жатқан актуалды тақырыптар бойынша пікір таластырып, әр жақты көз қарастармен бөлісіп, зияткерлікке баулу мақсатында жүзеге асыруды қолға алған жұмыс. 

Ұйымның мақсаты: қоғамда болып жатқан өзекті тақырыптарға өз көзқарасын білдіру. 

Жетекшісі: Джадирова Жанар Жамыловна 

Ұйым көшбасшысы: Мейірхан Әмина, Айтмухамедова Еркежан. 

Соңғы айларда: «Гаджеттің адам өміріне пайдасы мен зияны», «ҰБТ керекпе?», «кибербулингтан шығуға ұсыныс»,«онлайн оқудың пайдасы мен зияны,мектеп формасы», «әлемдегі экологияны қорғауға ұсыныс», «балабақша тәрбиесі немесе ата-әже тәрбиесі?», 

«Тәуелсіз ел қандай жетістікке жетті?» Және тағы басқа өзекті тақырыптарды талдап өтті. 

Алдыға қойған мақсатымыз: Дебат клубында бала санын көбейту. Мектепте 3 тілдіде қамтитын пікірсайыс клубтарын ашу. Саяси тақырыптарды толық ашып, өз ойымызбен бөлісуді жалғастыру. Қалалық деңгейге шығу.  Және келесі жылға мақсатымыз Жас Ұлан қатарына қабылданған оқушылардың ішіндегі дебатқа бейім оқушыларды өзіміздің қатарға қосып, әркімнің ойын тыңдап әрі қарай ойын еркін жеткізуге ықпал ету.