Үйірме » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
февраль
2022

Үйірме

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді» — деп көрсетілген. Балаларға қосымша білім беру — білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Жас буынға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіліктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.Тәрбие процесін ұйымдастыруда үйірме жұмыстарының алатын орны ерекше. Жастарды өнерге, мәдениетке құштарлығын дамыту мен тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында 2021-2022 оқу жылында «№27 КММ гимназия»- сында ақысыз үйірме ұйымдастырылды.