Өзіңді тану-өмірді тану » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2022

Өзіңді тану-өмірді тану


27 орта мектеп- гимназиясы аясында. "Өзіңді тану өмірді тану" - атты апталығы өткізілді. Өзін өзі тану нағыз адам бо­лудың сыры мен қырын үй­ре­тетін пән. Нағыз адам бо­лу – Отан алдындағы боры­шыңды өтеу, адами қарым-қатынасының, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Пәннің мақсаты – білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты да­мыту да өзін өзі тану сабақ­та­ры­ның орны ерекше. Сабақта пән мұғалімі әркімнің жан дү­ниесін тануына, әлемге көз жү­гір­тіп, мейірімділік жа­сау­ға бағыт­тайды. Сондай ақ,  Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадері жеткенше жақсылық жасайды. Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Мектебіміздің директоры Г.С. Сыдыбаеваның ұйымдастыруымен бірнеше демеушілер ге хат жазылған, соны ескерген Альфа банк директоры И.В.Инякин мен  қаржы және несие бөлімінің басшысы А.Д.Килыбаеваға осы кеш барысында қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, жылы лебіздерін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынғандары үшін барша Альфа банк ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз!!!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив