«Ақ қайнар жыр» » №27 орта мектеп - гимназия
Жет қаласы білім басқармасының
«№207 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Кітапхана:
+7(7282) 40-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2023

«Ақ қайнар жыр»

Кітапханада қазақ әдебиеті пән мұғалімдері Ж.Ж.Джадирова, М. Нұрдыбекұлы және кітапханашылардың ұйымдастыруымен жергілікті ақын Жангелді  Немеребаймен «Ақ қайнар жыр» атты кездесу кеші өтті.
 Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Кездесу кешіне 7,8,9 сынып оқушылары қатысты. Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. 
Кеш барысында ақын поэзиясы туралы пікірлер айтылып, оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар кеш иесінің қасиетті қаламынан шыққан жырларын тыңдады.
Кітапхана меңгерушісі:  Жумагельдинова М.Ж.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив