01
июнь
2023
1 - маусым балаларды қорғау күні
2023 ж 1 маусым - Балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау –әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Осы мерекеге орай Жетісу облысы ПД ЖПҚБ-мен Талдықорған қаласының Полиция Басқармасы бірлесіп «1 маусым балаларды қорғау күніне» арналған іс-шарасының ұйымдастырылуына байланысты №27 орта мектебінің бастауыш сыныбының 10 оқушысы қатысты. Аталған іс- шара Текелі қаласында орналасқан демалыс орнында өтті. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, керемет мереке ұйымдастырған Жетісу облысы ПД ЖПҚБ мен Талдықорған қаласының Полиция Басқармасының қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.