10
март
2020
Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет
«№ 27 орта мектеп – гимназиясы» КММ
Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет
№ 27 орта мектеп – гимназиясының асханасы 268 oрынға арналған. Оқушылардың жекелеген санаттарына байланысты мектепте тегін ыстық тамақпен қамту жақсы жолға қойылған. Асханада оқушыларға тегін ыстық тамақты ұйымдастыру 16 қаңтар күнгі №27келісім шарт бойынша мектеп асханасын жалға алушы ЖШ «Сулейменханова А.А.» жүктелген. Жалпыға бірдей міндетті оқу қорының есебінен жекелеген әлеуметтік мәртебесіне байланысты аз қамтамасыз етілген және күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балалар, тұл жетім балалар, әлеуметтік атаулы көмек алатын отбасылардан шыққан оқушылар тегін тамақпен қамтудың №245 мектепішілік бұйрығы негізінде 320 оқушының тізімі бекітілген. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың құжаттары ҚР Білім және ғылым министрінің «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша қабылданады.Сонымен қатар тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланады, тамақ күнделікті ас мәзірі бойынша дайындалады. Мектепте дұрыс тамақтануға байланысты іс-шаралар, сынып сағаттары, сыныптан тыс жұмыстарды өткізу де жақсы жолға қойылған. Тамақтану режимін сақтау, дәрумендердің адам ағзасына қажеттілігі , пайдасы туралы кеңестер беріліп, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы үнемі бақылауда кезекшілік кестесі қойылған.