Мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ұйымдастыру
Мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ұйымдастыру
Тамақтандыруды ұйымдастыру
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. № 27 орта мектеп – гимназиясының білім алушылар саны- 1037 оқушы. Оның ішінде аз қамтылған отбасы саны - 58, көп балалы отбасы саны - 78, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны- 72, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар саны – 8 оқушы. Жалпы білім беру есебінен мектебіміздің 246 оқушы, оның ішінде 1-4 сыныптар - 134 оқушы, 5-11 сыныптар – 112 оқушы тамақтанды. Асхана меңгерушісі Сулейменханова Айнур Айдарханқызының есебінен 94 оқушы, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары -44, 5- 11 сынып оқушылары – 50. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады.